ТДМ – 4: Шетелдік студенттерге арналған онлайн конференцияFarabi University

ТДМ – 4: Шетелдік студенттерге арналған онлайн конференция

15 желтоқсан, 2025

Филология және журналистика факультетінің шетелдік студенттеріне арналған онлайн конференция өтті. Іс-шара Қазақстандағы шетелдік студенттердің психологиялық бейімделу ерекшеліктеріне және білім беру үдерісіндегі психоэмоционалдық қолдауға арналды.

Конференция университеттің психологиялық қызметінің психологтарымен бірлесіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды, бұл қатысушылар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етті. Негізгі баяндамамен Сандуғаш Құдайбергенова, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ассистент-профессоры сөз сөйледі.

Баяндама барысында Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік студенттердің мәдени ортаға бейімделу үдерісі, тілдік және әлеуметтік қиындықтар, эмоционалдық күйзеліс факторлары, сондай-ақ психологиялық қолдаудың маңызы қарастырылды. Сонымен қатар студенттердің академиялық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал ететін психологиялық ресурстар мен қолдау тетіктері талқыланды.

Онлайн конференция шетелдік студенттердің сұрақтарына жауап беруге, тәжірибе алмасуға және көпмәдениетті білім беру кеңістігінде психологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталды.