"Шаңырақ" орталығындағы қайырымдылық акциясы
Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТМД 3 — Денсаулық және әл-ауқат, ТМД10 — Теңсіздікті қысқарту, ТМД16 — Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар және ТМД17 — Тұрақты даму жолындағы әріптестікке сәйкес, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінде білім алатын 1–2 курс студенттері, сондай-ақ «Қаржы және есеп» кафедрасының куратор-эдвайзерлері — Г. И. Супугалиева мен Т. Б. Жумадилова 2025 жылғы 22 желтоқсанда КММ «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығына қайырымдылық акциясымен барып, аталған орталық үшін Қазақстан картасын дайындады.
Студенттер тағдырдың жазуымен осы орталықта тұрып жатқан қарт жандардың көңіл-күйін көтеру мақсатында мерекелік кеш ұйымдастырды. «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы өз қамқорлығындағы адамдар үшін әрдайым қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ұмтылады, алайда жастардың мұндай сапарлары олардың күнделікті өмірін одан әрі мазмұнды әрі қуанышты етеді. Осындай іс-шаралар жағымды эмоциялар сыйлап қана қоймай, қарт адамдар мен жастардың әлеуметтік интеграциясы мен әл-ауқатына бағытталған бастамаларды қолдайды.
Жастардың белсенді қатысуының арқасында аға буынға қамқорлық көрсету қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — тағдыр айдауымен осы жерде өмір сүріп жатқан қарт жандардың жүрегіне болса да бір сәтке жылу мен қуаныш сыйлау болды. Жастар қарттармен еркін әңгімелесіп, ой бөлісіп, олардың өмірлік әңгімелері мен толғаныстарын тыңдады. Мұндай кездесулер жастар бойында мейірімділік, жанашырлық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады деп санаймыз.
Басқа жаңалықтар