"Қаржы" ББ 2-курс студенттері "Шаңырақ "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де қайырымдылық миссиясымен болдыFarabi University

"Қаржы" ББ 2-курс студенттері "Шаңырақ "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де қайырымдылық миссиясымен болды

23 желтоқсан, 2025

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының зерттеуші-доценті, қауымдастырылған профессор, экономика ғылымдарының кандидаты А.С. Асилованың жетекшілігімен, ТМД 1 – «Кедейлікті жою», ТМД 3 – «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» және ТМД 17 – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» аясында «Қаржы» мамандығының 2-курс студенттері КММ «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қайырымдылық миссиясымен барды.

2025 жылғы 22 желтоқсанда өткен іс-шара барысында студенттер орталық тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Жастар өз өнерлерін көрсетіп, күй орындап, әсем әндер шырқады. Қарт жандардың жүзіндегі қуаныш пен алғысты көру біз үшін үлкен бақыт болды.

Бұл игі бастаманың басты мақсаты — ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және жастар бойында мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерді тәрбиелеу. Аға буын өкілдерінің батасын алған студенттер рухани тұрғыдан байып, алдағы уақытта да осындай қайырымдылық істерді жалғастыруға ниет білдірді.