«Білім беру және ғылым саласындағы әйел педагогтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өттіFarabi University

«Білім беру және ғылым саласындағы әйел педагогтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

17 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Білім беру және ғылым саласындағы әйел педагогтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бағдарламасының 4-курс студенттері қатысты. Іс-шараны 2-курс магистранттары Айсанова А. және Жұмабек А. ұйымдастырды, доцент А.К. Қожахан жетекшілік етті.

Дөңгелек үстелде әйел-ұстаздардың білім мен ғылымдағы рөлі, жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлесі, сонымен қатар гендерлік теңдік мәселелері талқыланды. Студенттер білім беру мен ғылыми саладағы әйелдердің кәсіби дамуына қызығушылық танытты және олардың қоғамдағы рөлін түсінді.

Іс-шара студенттердің әйелдердің жетістігі мен кәсіби үлгісін бағалауға, ғылым мен педагогикалық қызметтегі рөлдерін өз өмірінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға ықпал етті.