"Тәуелсіздік – бәрінен қымбат"Farabi University

"Тәуелсіздік – бәрінен қымбат"

12 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Сайланның ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы – «Сапалы білім беру» бағыты аясында іс-шара өтіп, Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты № 213 орта мектеп оқушыларына 

«Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» тақырыбында қоғамдық білім беруге арналған дәріс оқылды.

Сөз алған «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Сайлан 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 34 жыл уақыт өтіп, Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білеміз. Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз осы уақыт ішінде тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырғанын, жастардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудағы алатын орны жайлы пікірімен бөлісті.

Кездесудің соңында оқушылар тарихшы мамандарды өздерінің ортасына келіп, мемлекеттік мерекелер мен тарихи тақырыптарға қатысты шараларға қатысуын және Лидерлік дәріс оқып беруі туралы өтініштерін білдірді.