Мен таңдаған ҚазақстанFarabi University
Референдум 15 марта

Мен таңдаған Қазақстан

19 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 16 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Экономика» мамандығының 1–3 курс шетелдік студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мен таңдаған Қазақстан» атты патриоттық іс-шара өтті.

Іс-шара №16 СҮ мәжіліс залында ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан жауапты ұйымдастырушы Тураров Д.Р. қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстанның білім мен мүмкіндіктерге жол ашатын, бейбіт әрі тұрақты мемлекет екенін атап өтті. Ол мұндай кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, елдер арасындағы достықты нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Іс-шара барысында Экономика мамандығының 2-курс студенті, Ауғанстаннан келген Najia Salihi сөз сөйлеп, Қазақстанда білім алу тәжірибесімен бөлісті. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шәкіртақы негізінде оқу мүмкіндігі кәсіби болашағы үшін маңызды екенін айтып, еліміздегі сапалы білім, қолжетімді өмір сүру деңгейі, қауіпсіз орта және тіл үйрену мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды.

Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаты – 17 (Тұрақты даму үшін серіктестік) аясында өткізіліп, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және ортақ даму құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Ұйымдастырушылар: Тураров Д.Р., Есенгазиева С.К., Кулиев И.У., Сағынбай Ә.Ғ.