- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау: зерттеудің бастапқы кезеңі» тақырыбында танымдық шара өтті
«Ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау: зерттеудің бастапқы кезеңі» тақырыбында танымдық шара өтті
2025 жылдың қазан айының 17 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу орталығында жас зерттеушілерге арналған маңызды танымдық кездесу өтті. Бұл шара Тұрақты даму мақсаты – ТДМ-4: Инновациялар мен ғылыми зерттеулерді қолдау” бағыты аясында ұйымдастырылды.
Кездесуді Кеден,қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ғылыми әдіснама пәнінің оқытушысы Елеусизова Нұргүл ашық сабақ жүргізіп, бірінші курс студенттеріне ғылыми зерттеудің бастапқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және оны жүйелеу әдістері бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.
Кездесу барысында студенттер ақпарат көздерінің түрлері, деректерді іздеу стратегиялары, библиографиялық базалармен жұмыс, алынған мәліметтерді сараптау және реттеу тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, қатысушыларға ғылыми деректерді жинақтауда қолданылатын цифрлық платформалар мен заманауи зерттеу құралдары таныстырылды.
Шара соңында оқытушы мен студенттер ғылыми мәдениеттің қалыптасуы, деректердің шынайылығы мен дәлдігінің маңызы, сондай-ақ зерттеу сапасын арттыруда ақпаратты дұрыс жинақтаудың рөлі туралы пікір алмасты.
Басқа жаңалықтар