Ғылыми семинар «Халықаралық жерді қорғау және оның құқықтық негіздері»Farabi University

Ғылыми семинар «Халықаралық жерді қорғау және оның құқықтық негіздері»

8 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде 08 желтоқсан 2025 жылы «Құқықтану» мамандығының 203 оқу тобында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Есекеева Айнаш Акимсаловна «Халықаралық жерді қорғау және оның құқықтық негіздері» тақырыбында ғылыми семинар сабағын өткізді. Семинар сабағы тұрақты даму мақсаттарының 13-мақсаты «Климаттың өзгеруімен күрес» аясында ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – студенттерді жерді халықаралық деңгейде қорғау саласындағы негізгі ұстанымдармен, климаттың өзгеруімен күрестегі мемлекетаралық ынтымақтастықпен және жер ресурстарын сақтау жөніндегі құқықтық тетіктермен таныстыру.

Сабақ барысында студенттер халықаралық жерді қорғау саясатының өзектілігін талқылап, БҰҰ құжаттары мен халықаралық келісімдердегі жерді сақтау, шөлейттенуге қарсы күрес және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормаларымен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексіндегі жерді қорғауға қатысты ұлттық құқықтық нормалар мен олардың халықаралық стандарттармен байланысы қарастырылды. Студенттер жаһандық деңгейдегі жерді шектен тыс пайдалану, деградация және шөлейттену мәселелерін талдап, оларды шешудің халықаралық-құқықтық және экологиялық тетіктері жөнінде пікір алмасты. Қорытынды сабақ студенттердің экологиялық-құқықтық мәдениетін арттырып, халықаралық жер саясатының маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Студенттер халықаралық ынтымақтастықтың климаттың өзгеруімен күрестегі және жер ресурстарын қорғаудағы рөлін айқын меңгерді.