«Қазақ–Қытай экологиялық құқығы» форумы – халықаралық ынтымақтастықты дамытуFarabi University

«Қазақ–Қытай экологиялық құқығы» форумы – халықаралық ынтымақтастықты дамыту

25 желтоқсан, 2025

21 қараша 2025 жылы Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында іргелі ЖОО Minzu University of China университетінде «Қазақ–Қытай экологиялық құқығы» тақырыбында форум өтті. Аталған шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор м.а. Қалымбек Б. және доцент м.а. Рашева Г.К. қатысып, баяндамалар жасады.
Іс-шара барысында ҚХР мен Қазақстан арасындағы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтарының цифрлық трансформациясы, экологиялық құқық саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ екі елдің ғылыми ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Форум БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ-17 «Ынтымақтастық арқылы серіктестік» бағыты аясында өткізілді.