Тұрақты даму мақсаттары аясындағы семинар: ТДМ 4 «Сапалы білім беру»
Тұрақты даму мақсаттары аясындағы семинар: ТДМ 4 «Сапалы білім беру»
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №208 мектеп-гимназиясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті, «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасы арасында жасалған екіжақты өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жоспарлы оқу-әдістемелік және тәрбиелік іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты – оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру, оқушылардың ғылыми-техникалық ой-өрісін дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, сонымен қатар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
Осы мақсатта 22 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факультеті, «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы – доцент Жақсылықова Г.Ж., доцент м.а. Канапиева Ф.М. және доцент Супиева Ж.А. №208 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларына арналған семинар өткізді.
Семинар барысында оқушыларға Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 Тұрақты даму мақсаты туралы жан-жақты мәлімет беріліп, соның ішінде: «Экологиялық таза және қауіпсіз тұрмыстық химия» тақырыбы (ТДМ 4 – «Сапалы білім беру») бойынша мазмұнды семинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылар экологиялық қауіпсіз өнімдер, тұрмыстық химияның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет ғалымдарынан нақты әрі ғылыми негізделген жауаптар алды.
Сонымен қатар семинар кәсіби бағдар беру бағытымен де тығыз байланыстырылып, оқушылар химия және химиялық технология саласындағы мамандықтар, факультеттің білім беру бағдарламалары, болашақта ғылыммен айналысу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат алды.
Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен №208 мектеп-гимназиясының басшылығына, химия пәнінің мұғалімі, PhD Малимбаева З.Б., сондай-ақ мектептің кәсіптік бағдар жұмысына жауапты ұстаз Абу А.А. университет оқытушылары зор алғыс білдірілді.
Мұндай мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор кездесулер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға және болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етеді. Алдағы уақытта бұл бірлескен іс-шаралар арнайы күнтізбелік жоспарға сәйкес өз жалғасын табатын болады.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценттері Жаксылыкова Г.Ж., Канапиева Ф.М., Супиева Ж.А.
Басқа жаңалықтар