Театр – сапалы білім берудің бейресми алаңыFarabi University

Театр – сапалы білім берудің бейресми алаңы

19 желтоқсан, 2025

2025 ж. 19 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Мынбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы және «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен, студенттер арасында мәдениетті дамыту мақсатында және ТДМ 4 – Сапалы білім беру аясында заң факультетінің 304 және 305 топ студенттерінің  «Конкордия» студенттер театрына баруы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара білім алушылардың рухани байлығын арттыруға, өнерге деген сүйіспеншілігін оятуға және шығармашылық әлеуетін, сондай-ақ болашақ заңгерлердің жоғары мамандандырылған пәндер шеңберінен тысқары жан-жақты дамуын жетілдіруге бағытталды.

Студенттердің театрға баруы – бұл жай ғана мәдени демалыс емес, саналы, ойлай білетін және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ұрпақты қалыптастырудың маңызды қадамы. Театр өнері адамгершілік, әділеттілік, рухани құндылықтар мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін көтереді, бұл БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей байланысты сала болып табылады. Бұл іс-шара ТДМ 4 – Сапалы білім беру мақсатына қол жеткізуге ықпал ететіндігін атап өту қажет, өйткені театр студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін, эмпатияны және күрделі өмірлік жағдайларды талдай білу дағдыларын дамытады.

Театрға бару сыни ойлауды, эмоционалды интеллектті және этикалық талдауды дамытады – бұл заңгердің кәсіби дамуы үшін маңызды қасиеттер. Театр өнері бейресми білім беру құралы ретінде қызмет етеді, студенттердің дүниетанымын кеңейтеді және әлеуметтік процестер мен адам психологиясын тереңірек түсінуіне ықпал етеді.

Студенттер қойылымнан кейінгі талқылауға қатысуға үлкен қызығушылық танытты. Кейіпкерлердің мотивтерін құқықтық талдау оларға университеттік білімдерін мәдени тәжірибелерімен біріктіруге мүмкіндік берді. Іс-шара жоғары сапалы білім беруде және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда пәнаралық тәсілдің маңыздылығын тағы да растады.

 

емлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы