- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жоғары білім берудегі көшбасшылық пен басқару: АҚШ-тағы тағылымдама тәжірибесі»
«Жоғары білім берудегі көшбасшылық пен басқару: АҚШ-тағы тағылымдама тәжірибесі»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Жоғары білім берудегі көшбасшылық пен басқару: АҚШ-тағы тағылымдама тәжірибесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар цифрландыру мен жаһандық білім беру өзгерістері жағдайындағы университеттерді басқарудың заманауи тәсілдеріне арналды және профессор А.С. Магауова мен доцент К.Ш.Молдасанның қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар барысында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Ж.Ш.Бактыбаевтың АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы аясында өткен ғылыми-зерттеу тағылымдамасының нәтижелері таныстырылды. Ғылыми-әдістемелік семинар ТДМ 17 бағыты бойынша докторанттар, магистранттар және профессор-оқытушылар құрамы үшін өткізілді. Өткізілген семинар кәсіби диалог жүргізу, халықаралық тәжірибе алмасу және жаһандық сын-қатерлер жағдайында жоғары білім беруді дамытудың келешегін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар