Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы шетелдік студенттер туралы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастар жоғары білім алады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері халықтар мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас шекаралары кеңейіп, университеттер арасындағы студенттер алмасу үдерісі белсенді бола түсті. Осыған байланысты шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде арнайы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы ашылып, онда шетелдік тыңдаушыларды ҰБТ-ға (кешенді тестілеуге) тапсыруға және Қазақстан Республикасының әртүрлі жоғары оқу орындарына түсуге дайындай бастады.
Қазіргі уақытта шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті екі кафедрадан тұрады және ол жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деп аталады. Бүгінде факультет құрамында екі кафедра бар: шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы. Бұл кафедраларда практикалық педагогикалық тәжірибесі мол, жоғары білікті оқытушылардан құралған кәсіби ұжым еңбек етеді.
Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда №4 – «Сапалы білім» мақсатына қол жеткізу аясында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетел азаматтарына орыс және қазақ тілдерін оқытып, студенттердің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әртүрлі факультеттеріне және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарына түсуіне дайындалуына көмектеседі. Біздің оқытушылар өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, кейде жеке бос уақытын да өз қамқорлығындағы шетелдік студенттерге арнайды.
Факультетіміздің өзіндік ерекшелігі бар: студенттер мұнда бар болғаны бір жыл ғана білім алады, Қазақстанға және оңтүстік астанаға алғаш рет келеді, елімізде тұратын халықтардың мәдениеті, дәстүрлері мен салт-жоралғылары туралы көп жағдайда ештеңе білмейді. Сондықтан оқытушылардың білім беру міндеттері тыңдаушы-шетелдіктердің жергілікті менталитетті түсінуіне, бірегей қазақстандық қоғамның мәдени құндылықтарын дұрыс қабылдап, құрметтеуіне тәрбиелеу сияқты қосымша мақсаттармен кеңейе түседі.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Төребекова Р.С., Мамытбекова Л.К.