- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жылулық сыйла» әлеуметтік жобасы аясында студенттер мен оқытушылардың балалар үйіндегі қайырымдылық іс-шарасы өтті
«Жылулық сыйла» әлеуметтік жобасы аясында студенттер мен оқытушылардың балалар үйіндегі қайырымдылық іс-шарасы өтті
16 қараша, 2025
16.11.2025 жылы «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы қайырымдылық қаржы қорын ұйымдастырып, 3 курс Жерге орналастыру БББ студенттері балалар үйіне барып қайтты. 
Кафедра ұжымы көмегімен жиналған қаржыға Алматы қаласы Білім басқармасының мамандырылған «Жанұя» кешеніндегі балаларға жеке әр балаға киімдер, шырындар, жемістер, тәттілер табыс етілді. Тәрбиеленуші балалар өз өнерлерімен бөлісті. Топ тәрбиешісі мен тәрбие көмекшілері тәрбиленушілермен бірге ерекше алғыстарын білдірді.