- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың жас ғалымдары неврологиялық ауруларды түсінуге және олармен күресуге бағытталған ауқымды халықаралық ғылыми-практикалық іс-шараға қатысты (ТДМ 3,17)
ҚазҰУ-дың жас ғалымдары неврологиялық ауруларды түсінуге және олармен күресуге бағытталған ауқымды халықаралық ғылыми-практикалық іс-шараға қатысты (ТДМ 3,17)
2025 жылғы 5–7 қазан аралығында Астана қаласында Назарбаев Университетінің базасында International Conference on Neuroscience and Neurology (ICNN) атты нейроғылымдар мен неврологияның өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Аталған іс-шара жүйке жүйесін, ми ауруларын және психикалық бұзылыстарды зерттеу, сондай-ақ оларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері саласындағы идеялармен, ғылыми зерттеулермен және инновациялармен алмасуға арналған жетекші халықаралық алаңға айналды.
Конференция Қазақстаннан және басқа да елдерден келген жетекші ғалымдарды, неврологтарды, зерттеушілерді, клиницистерді және осы бағытта жұмыс жасап жүрген ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Конференция барысында нейробиология, клиникалық неврология, нейродегенеративті аурулар және трансляциялық зерттеулер салаларындағы заманауи жетістіктер мен негізгі мәселелер талқыланды.
Конференция аясында “Brain Research” секциясында Альцгеймер ауруының биомаркерлерін ерте анықтауға арналған зерттеулер бойынша постерлік баяндама ұсынылды. Ұсынылған зерттеу заманауи нейрофизиологиялық, молекулалық және жасушалық әдістерді қолдану арқылы нейродегенеративті ауруларды ерте диагностикалау перспективаларын талқылауға және Альцгеймер ауруының патогенезін зерттеу тәсілдерін кеңейтуге бағытталды.
International Conference on Neuroscience and Neurology (ICNN) конференциясына қатысу ТДМ 3 - ті жүзеге асыруға ықпал етеді, бұл нейродегенеративті ауруларды, соның ішінде Альцгеймер ауруын ерте диагностикалау мен алдын алуға бағытталған ғылыми зерттеулерді дамыту арқылы іске асады. Сонымен қатар, конференцияның халықаралық форматы Пәнаралық ғылыми зерттеу және білім беру мекемелері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту арқылы ТДМ 17-ге қол жеткізуге қосқан үлесін көрсетеді.
Конференция барысында алынған білімдер мен орнатылған кәсіби байланыстар нейроғылымдар саласындағы зерттеулерді одан әрі дамытуға және орталық жүйке жүйесі ауруларын диагностикалауда инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

#ICNN2025 #NazarbayevUniversity#neuroscience #neurology #NU #research #AcademicConference
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU #SDG17 #PartnershipsForTheGoals # SDG3 # GoodHealthAndWellBeing #Kazakhstan
Басқа жаңалықтар