География және табиғатты пайдалану факультетінің 3 курс докторанттарын аттестаттауFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультетінің 3 курс докторанттарын аттестаттау

27 желтоқсан, 2025

24 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің базасында ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасымен бірлесіп 3-курс докторанттарының (5-6 семестр) жоспарлы аттестациясы өтті. Аттестация барысында докторанттар ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері, диссертациялық зерттеулердің орындалу барысы, жарияланымдық белсенділігі, сондай-ақ жеке оқу және ғылыми даярлық жоспарларының орындалуы бойынша есептер ұсынды. Ерекше назар диссертациялық тақырыптардың басым ғылыми бағыттарға сәйкестігіне, алынған ғылыми нәтижелердің өзектілігіне және зерттеу жобаларын іске асыру мерзімдерінің сақталуына аударылды.

Аттестациялық комиссия жұмысына университеттің ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының басшысы, PhD Қуанова Лаура Айболовна, диссертациялық кеңестің төрағасы, факультет деканы Актымбаева Алия Сагындыковна, сондай-ақ деканның орынбасары және кафедра меңгерушілерінің ҒИЖжХҚ жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Кездесу барысында ҒКДжАБ басшысы, PhD Л.А. Қуанова докторанттарға ғылыми дәрежелерді беру қағидалары, докторлық диссертацияларды қорғауға қойылатын жаңа талаптар, отандық және шетелдік ғылыми консультанттарды бекіту және қайта бекіту тәртібі, сондай-ақ Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін, бекітілген ғылыми басылымдар тізбесіне кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда мақалалар жариялау талаптары бойынша жан-жақты түсіндірмелер берді. Өз сөзінде диссертациялық кеңес төрағасы және факультет деканы А.С. Актымбаева докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін сапалы жүргізуі үшін ғылыми консультанттармен және бітіруші кафедралармен тұрақты әрі тығыз байланыста болуының маңыздылығын атап өтті.

Аттестация қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға баға беріліп, зерттеулерді одан әрі дамыту, халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдық белсенділікті арттыру және пәнаралық өзара іс-қимылды кеңейту бойынша ұсынымдар берілді. Сонымен қатар ғылыми семинарлардың, алдын ала қорғау мен қорытынды қорғаулардың болжамды мерзімдері айқындалып, бұл докторанттарға диссертациялық дайындықтың келесі кезеңдерін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жоспарлы аттестацияны өткізу ғылыми кадрларды даярлау сапасын жүйелі бақылауға ықпал етіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде докторлық білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталды.