СҰАА ҚХР ғылым және технологиялар департаменті делегациясының география және табиғатты пайдалану факультетіне сапарыFarabi University

СҰАА ҚХР ғылым және технологиялар департаменті делегациясының география және табиғатты пайдалану факультетіне сапары

27 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамыту аясында Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы Ғылым және технологиялар департаментінің делегациясын қабылдады.

22 желтоқсанда ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 6 «Таза су және санитария», ТДМ 13 «Климаттың өзгеруімен күрес» және ТДМ 17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» іске асыру шеңберінде факультетте жұмыс кездесуі ұйымдастырылып, оның барысында ғылыми-зерттеу саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және тұрақты даму мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру перспективалары, академиялық ұтқырлықты кеңейту, ғылыми тәжірибе алмасу, сондай-ақ тұрақты даму және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық тәсілдерді қолдану мәселелері талқыланды.

Сапар аясында делегация «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығының қызметімен, сондай-ақ ғылыми орталық құрамында жұмыс істейтін 10 зертхананың ғылыми нәтижелері мен инфрақұрылымымен танысты. Қонақтарға зерттеулердің негізгі бағыттары, заманауи талдау және модельдеу әдістері, сондай-ақ тұрақты дамудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми әзірлемелердің нәтижелері ұсынылды.

Өткізілген кездесу халықаралық ғылыми өзара іс-қимылды нығайтуға, серіктестік байланыстарды дамытуға және Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контексінде жаңа ынтымақтастық бағыттарын қалыптастыруға ықпал етті.