Климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын басқару және гидрологиялық қауіптер бойынша NEXUS-тренингFarabi University

Климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын басқару және гидрологиялық қауіптер бойынша NEXUS-тренинг

27 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде ТДМ ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 6 «Таза су және санитария», ТДМ 13 «Климаттың өзгеруімен күрес» іске асыру аясында су ресурстары мен гидрология саласындағы мамандарға арналған NEXUS-семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарға су ресурстары мен гидрология саласындағы мамандар мен практиктер, сондай-ақ су және гидрологиялық процестерді мониторингтеу, бағалау және басқару мәселелерімен айналысатын салалық мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

NEXUS тәсілі (Water-Energy-Food-Ecosystems) су ресурстарын жеке қарастырмай, оларды су-энергетика-азық-түлік-экожүйелер арасындағы өзара байланысқан жүйенің негізгі элементі ретінде қарастырады. Климаттың өзгеруі, антропогендік жүктеменің артуы және қауіпті гидрологиялық құбылыстардың жиілеуі жағдайында бұл тәсіл басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға, қауіптерді азайтуға және табиғи әрі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

NEXUS-семинарды өткізудің негізгі мақсаты: су ресурстарын басқаруда сектораралық өзара байланыстарды ескере отырып, жүйелік көзқарасты қалыптастыру; гидрологиялық қауіптерді бағалау, климаттың өзгеруіне бейімделу және тұрақты табиғат пайдалануға қатысты кәсіби құзыреттерді арттыру; ғылым, білім беру және салалық мемлекеттік құрылымдар арасында тәжірибе алмасуды дамыту; ғылыми мәліметтер мен заманауи әдістемелерді су процестерін мониторингтеу, болжау және басқару практикасына енгізу.

Семинар аясында мини-дәрістер мен интерактивті сессиялар өткізілді. Қатысушылар нақты кейстерді қарастырып, сектораралық өзара іс-қимыл сценарийлерін талқылады және су ресурстарының су, климаттық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін талдады.

NEXUS-семинарды өткізу университет, ғылыми қауымдастық және салалық құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, практикаға бағдарланған білім беруді дамытуға, сондай-ақ ТДМ 4, 6, 13 және 17 бағыттары бойынша су ресурстары мен гидрология саласында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді.