Халықаралық қатынастар факультеті Community Centre Almaty алаңында жастар арасында Турақты даму мәселелері мен ТДМ 17 бойынша ашық пікірталас ұйымдастырдыFarabi University

Халықаралық қатынастар факультеті Community Centre Almaty алаңында жастар арасында Турақты даму мәселелері мен ТДМ 17 бойынша ашық пікірталас ұйымдастырды

28 желтоқсан, 2025

25 желтоқсан күні Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Community Centre Almaty-де «Турақты даму мақсаттарының 17-мақсатыТурақты даму жолындағы серіктестік және жастардың рөлі» тақырыбында ашық пікірталас өткізді.

Пікірталастың негізгі спикері ретінде оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Апсаттарова Гүлзада Әбдусағатовна сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ТДМ 17-нің ынтымақтастық арқылы орнықты дамуға қол жеткізудегі негізгі тетік ретіндегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, спикер жастардың, білім берудің және әріптестіктің бейбітшілікті нығайту мен Турақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөліне ерекше назар аударды.

Пікірталас интерактивті форматта өтті, қатысушылар талқылауға белсенді түрде қатысып, өз көзқарастарын білдіріп, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру және жастардың Орнықты даму мақсаттарына жетудегі қатысуына қатысты сұрақтар қойды.

Іс-шараның практикалық бөлігінде «СұрақЛотерея» атты интерактивті формат ұйымдастырылды. Аталған әдіс арқылы қатысушылар ТДМ 17-ге байланысты сұрақтарға жауап беріп, алынған білімді қолжетімді әрі интерактивті түрде бекітуге мүмкіндік алды.