Тұрақты дамуға апарар жол: серіктестіктің маңызы
2025 жылғы 29 желтоқсанда онлайн форматта «Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін серіктестіктердің маңызы» атты ғылыми-тәжірибелік іс-шара өтті. Аталған шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №17 – «Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін серіктестікті нығайту» бағыты аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Сонымен қатар, халықаралық және жергілікті университеттер, жеке компаниялар мен ғылыми ұйымдар серіктес ретінде қатысты. Бұл кең ауқымды серіктестік тұрақты дамуға жету жолында түрлі секторлардың бірлесіп әрекет етуінің маңызын айқын көрсетті.
Шараның басты мақсаты – университеттер, мемлекеттік құрылымдар және жеке ұйымдар арасындағы серіктестіктің рөлін ашып көрсету, ҚазҰУ-дың халықаралық және жергілікті әріптестік тәжірибесін таныстыру және олардың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық пайдасын нақты мысалдар арқылы көрсету болды. Сонымен қатар, қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибелік ұсыныстар беру мүмкіндігі жасалды.
Іс-шара барысында серіктестіктің маңыздылығына арналған ғылыми презентациялар мен мазмұнды талқылаулар өткізілді. ҚазҰУ-дың халықаралық және отандық серіктестік жобалары таныстырылып, олардың қоғамға тигізіп отырған оң әсері жан-жақты қарастырылды. Университет қолдаған халықаралық жобалар, қалалық экологиялық бастамалар мен білім беру саласындағы инновациялық серіктестіктер ерекше назарға алынды.
Талқылау кезінде қатысушылар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасып, үздік тәжірибелермен бөлісті. Бұл өзара диалог жаңа идеялардың туындауына және болашақ бірлескен жобалардың негізін қалауға ықпал етті.
Іс-шараға студенттер, профессор-оқытушылар және сыртқы сарапшылар қатысты. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы серіктестіктің тұрақты дамудағы шешуші рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Нәтижесінде серіктестіктің қоғам үшін маңызы нақты дәлелдермен көрсетіліп, университеттің халықаралық және жергілікті әріптестер арқылы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге қосып отырған үлесі айқындалды. Ең бастысы, қатысушылар жаңа жобалар мен серіктестіктерді дамытуға ынта білдіріп, болашақтағы бірлескен жұмыстарға дайын екендерін көрсетті.
Бұл іс-шара № 17 тұрақты дамуға қол жеткізудегі серіктестіктің тек теориялық ұғым емес, нақты нәтижелерге жетелейтін тиімді құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
