2025 жылдың 8 желтоқсанында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессор м.а. А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 404 топ студенттерімен бірге «Егемен елім менің» атты тақырыпта кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру және жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Сабақ барысында студенттерге Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихи кезеңдер жөнінде презентация көрсетілді, бейнероликтер ұсынылды. Студенттер шағын пікірталасқа қатысып, тәуелсіздіктің олар үшін мәні туралы ойларымен бөлісті, өз баяндамаларын оқыды. Іс-шара соңында қатысушылар Тәуелсіздік идеясын құрметтеу, тарихты білу және елдің дамуына өз үлесін қосу қажеттілігі туралы қорытынды жасады. Кураторлық сағат жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өтті, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы байқалды. Іс-шара сапалы білім беру саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды (44.3.4 Университет кешенінен тыс білім беру қызметі).




Басқа жаңалықтар