«Алдыңғы қатарлы университеттердің арнайы білімге мұқтаж балалардың отбасыларына пәнаралық қолдау көрсетуі»Farabi University

«Алдыңғы қатарлы университеттердің арнайы білімге мұқтаж балалардың отбасыларына пәнаралық қолдау көрсетуі»

29 желтоқсан, 2025

ЦУР 4 «Сапалы білім» аясында «Алдыңғы қатарлы университеттердің арнайы білімге мұқтаж балалардың отбасыларына пәнаралық қолдау көрсетуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара жеке оқу әдістерін қажет ететін балаларға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға арналды.

Докладты Бостандық ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Савденбекова Бану Есимханқызы жасады. Ол арнайы білімге мұқтаж балалардың сандық деректерін ұсынды және осы отбасылардың басты қиындықтарын атап өтті. Ең басты назарға төмен кірісті отбасылардың көп болуы алдыңғы қатарлы білімге және арнайы қолдауға қол жеткізуді қиындататыны алынды.

Талқылау барысында алдыңғы қатарлы университеттердің бұл мәселелерді шешудегі мүмкіндіктері қарастырылды: білім беру, консультациялық және пәнаралық қолдау көрсету, түрлі сала мамандарын тарту, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік құрылымдармен серіктестікті дамыту. Дөңгелек үстел университеттердің ЦУР 4 жүзеге асырудағы рөлін түсінуге, білім, ғылым және әлеуметтік қолдауды интеграциялаудың қоғамның тұрақты дамуы үшін маңыздылығын көрсетуге ықпал етті.

Ұйымдастырушылар: Оспанова А.К., Савденбекова Б.Е., Бакирова Б.С., Жылкыбек Магира