"Мерекелі күз" жәрмеңкесіFarabi University

"Мерекелі күз" жәрмеңкесі

23 қазан, 2025

Біздің университетімізде береке мен бірліктің айқын көрінісіне айналған дәстүрлі «Мерекелік күз» жәрмеңкесі өтті. Бұл университет өміріндегі маңызды іс-шаралардың бірі және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3, 11 және 12 бағыттарын қолдауға бағытталған болатын.

Жәрмеңкеде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдары көрсетілді, жауапты тұтыну мен өндірісті насихаттады (ТДМ 12). Жергілікті өнімдерді пайдалану және шағын бизнесті қолдау университеттің тұрақты қауымдастықтар мен қалаларды дамытуға қосқан үлесін атап өтті (ТДМ 11). Жастардың шығармашылық өнерге, қайырымдылыққа белсенді араласуы студент ортасындағы жайлы атмосфераның, ұйымшылдықтың қалыптасуына, әлеуметтік өзара әрекеттесуді және достықты  нығайтуға ықпал етті, бұл ТДМ 3-тің «Денсаулық пен әл-ауқат» қағидаттарына сәйкес келеді.

«Мерекелік күз» жәрмеңкесі мәдени бастамалар мен тұрақты дамудың университеттің білім беру кеңістігіне сәтті интеграциялануының үлгісіне айналды.