ТДМ 4 – Сапалы білім аясындағы сыртқы оқу бағдарламаларыFarabi University

ТДМ 4 – Сапалы білім аясындағы сыртқы оқу бағдарламалары

30 желтоқсан, 2025

Ақпараттық жүйелер кафедрасы Тұрақты даму мақсаты 4 – Сапалы білім шеңберінде бірқатар сыртқы оқу бағдарламаларын табысты жүзеге асырды. Аталған оқу іс-шаралары білім алушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды.

2025 жылғы 18–26 желтоқсан аралығында аға оқытушы Ш. Максутова «IT-инфрақұрылымды басқару және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша оқу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи IT-инфрақұрылым архитектурасы, серверлік және желілік жүйелерді басқару, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері бойынша теориялық және практикалық білім алды. Желілік қауіпсіздік, қолжетімділікті басқару, деректерді қорғау және киберқауіптердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Күні мен форматы: 18.12.2025–26.12.2025 жж., офлайн
Серіктестер: Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

 

Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Ақпараттық жүйелер мамандығының 3-курс докторанты А.К. Самбетбаева 159 гимназия мектебінің оқушыларына арналған «Жол зақымдануларын анықтауда терең оқытуды қолдану: негіздері мен қолданбалы әдістері» тақырыбы бойынша оқу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында компьютерлік көру және терең оқыту әдістерін жол инфрақұрылымындағы ақауларды автоматты түрде анықтауда қолдану негіздері түсіндірілді. Қатысушылар деректерді жинау, алдын ала өңдеу, нейрондық желілер архитектуралары және модельдерді бағалау әдістерімен танысты.

Өткізілген оқу іс-шаралары қатысушылардың кәсіби, зерттеушілік және инженерлік құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ университет пен сыртқы серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Күні мен форматы: 01.12.2025 ж., офлайн
Серіктестер: 159 гимназия мектебі