Биология және биотехнология факультетінен Жаңа жыл құттықтауыFarabi University

Биология және биотехнология факультетінен Жаңа жыл құттықтауы

30 желтоқсан, 2025

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті ұжымы атынан Сізге шынайы құрметімізді білдіре отырып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Өткен жыл университет үшін тың бастамалар мен маңызды өзгерістерге толы кезең болды. Осы жолда Сіздің жетекшілігіңіз, жүйелі ұстанымыңыз және ғылым мен білімге деген жауапты көзқарасыңыз ұжымымызға айқын бағдар беріп, әр факультеттің әлеуетін ашуға жаңа мүмкіндік жасады.

Биология және биотехнология факультеті үшін де Сіздің қолдауыңыз білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді күшейтуге және жас ғалымдардың бастамаларын ынталандыруға үлкен серпін беріп келеді. Біз өз тарапымыздан университеттің дамуына қызмет ететін жобаларды жүзеге асырып, халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтуға үлес қоса береміз.

Жаңа жылда Сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат, отбасыңызға амандық, ал абыройлы қызметіңізге толағай табыс тілейміз. ҚазҰУ-дың мерейі өсіп, ғылым мен білім саласындағы биік мақсаттарыңыз орындала берсін!

 

Құрметпен,
Меруерт Сакеновна Курманбаева,
Биология және биотехнология факультетінің деканы,
және факультет ұжымы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті