- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары аясында: ҚазҰУ мен София университеті бірлесіп «Қазақстан: тарихы мен мәдениеті» этномәдени тәжірибесін өткізді
Тұрақты даму мақсаттары аясында: ҚазҰУ мен София университеті бірлесіп «Қазақстан: тарихы мен мәдениеті» этномәдени тәжірибесін өткізді
Философия және саясаттану факультетінің базасында, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, сондай-ақ Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының бастауымен университет кампусынан тыс кең аудиторияға арналған курстар әзірленіп, жүзеге асырылып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Болгариядағы Әулие Климент Охридский атындағы София университеті арасындағы екіжақты келісім аясында, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – Сапалы білім беру (көшпелі білім беру бағдарламалары) және 17-мақсаты – Тұрақты даму жолындағы әріптестік (институционалдық және көпжақты әріптестіктер, университеттер арасындағы әріптестік) шеңберінде «Қазақстан: тарихы мен мәдениеті» атты этномәдени тәжірбие өткізілді
Этномәдени тәжірбиеге Болгариядан арнайы келген 30 қонақ қатысты. Қатысушылардың қатарында Болгария Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, София университетінің басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттері, Пловдив мемлекеттік психиатрия университетінің оқытушылары, сонымен қатар, Болгария ІІМ академиясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстаннан шамамен 10 қатысушы белсене қатысты.
Этномәдени тәжірибе аясында 2025 жылдың 2 қыркүйегінде «Мәдениетаралық дискуссия: Болгария мен Орталық Азия елдерінің тоғысатын тұстары» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар мәдени өзара ықпалдастық, тарихи жады және этномәдени мұраны сақтаудағы білім берудің рөлі мәселелерін талқылады. Университеттік ортада этномәдени тәжірбиенің басталуы символдық мәнге ие болды, себебі білім беру мәдени жадыны сақтау мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің негізгі құралы болып табылады.
Этномәдени тәжірибенің жалғасы Алматының табиғи және мәдени нышандарымен – Медеу биік таулы коньки тебу алаңымен және Шымбұлақ курортын таныстырумен жалғасты, бұл табиғи ландшафт пен заманауи инфрақұрылымның үйлесімді қатар өмір сүруін айқын көрсеткіші болып табылады. Себебі, Іле Алатау таулары әрқашан қазақ дәстүрінде қасиетті ландшафт ретінде қабылданды, аталмыш орындарға шолу жасау қатысушыларға табиғат, мәдениет және өзіндік ерекшелік арасындағы байланысты сезінуге мүмкіндік берді. Аталған нысандар қазіргі Алматыны табиғи мұра мәдени және туристік кеңістікке органикалық түрде интеграцияланған қала ретінде бейнелейді, бұл өңірдің табиғи ландшафтына деген мұқият қарым-қатынасы мен тұрақты дамуды айқын көрсетеді.
Басқа жаңалықтар