Тұрақты даму мақсаттарына сай зияткерлік әлеуетті қолдауFarabi University
Референдум 15 марта

Тұрақты даму мақсаттарына сай зияткерлік әлеуетті қолдау

29 қазан, 2025

 

2025 жылдың 27-29 қазан аралығында Алматы NIS-те «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауы өткізілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалдары оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының желілік кезеңінде қазылық етуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары шақырылды.

Атап айтқанда, қауымдастырылған профессорлар Ж.У. Қаңтарбаева, А.Ө. Өмірбекова, сондай-ақ PhD докторлары Д.С. Утебаева мен А.А. Айтенова оқушылардың ғылыми ізденістерін әділ бағалап, зерттеу мәдениеті мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға кәсіби үлес қосты.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — сапалы білім беруді қамтамасыз ету, 16-мақсаты — бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды дамыту, сондай-ақ 17-мақсаты — серіктестік арқылы тұрақты дамуға қол жеткізу қағидаттарымен үндеседі.

Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы осындай ғылыми-білім беру ынтымақтастығы жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға, жауапты азаматтық ұстаным мен ғылыми ойлауды дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.