ҚазҰУ музейіне жетекші математик-ғалымдар келді
8 қаңтар, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Ресей, АҚШ және Өзбекстанның жетекші ғылыми орталықтарынан келген белгілі математик-ғалымдар — профессорлар мен ғылыми мекемелердің басшылары келді.
Сапар барысында қонақтар ҚазҰУ тарихымен, Әл-Фарабидің ғылыми мұрасымен және университеттің қазіргі ғылыми жетістіктерімен танысты. Фундаменталды ғылымның маңызы мен халықаралық академиялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Бұл кездесу ҚазҰУ-дың ғылыми беделін және халықаралық деңгейдегі академиялық орталық ретіндегі рөлін айқындады.
