Архив қорларындағы араб графикалы құжаттар:толықтырылуы, сақталуы және пайдаланылуы мәселелеріFarabi University

Архив қорларындағы араб графикалы құжаттар:толықтырылуы, сақталуы және пайдаланылуы мәселелері

18 қараша, 2025

2025 жылдың 18-қарашасында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті  Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы  «Архив қорларындағы араб графикалы құжаттар:толықтырылуы, сақталуы және пайдаланылуы мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында архивтану және деректанудың өзекті мәселелері талқыланды. Білім беру бағдарламаларына қатысты ұсыныстар айтылды. Орталық Азияның жазба мәдени мұраларын бірлесіп зерттеу, оқу үдерісінде арнайы оқытудың бағыттары қарастырылды.

 Дөңгелек үстелге қатысқан Өзбекстан республикасының Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің оқытушы ғалымдары Чориев Ш.Ш. т.ғ. д., проф., Назаров А.Е. т.ғ.д., проф., Ботиров Е. А. т.ғ.д., проф., «Өзбекстан Республикасы архив қорларының шағатай тіліндегі құжаттары: таныстырылымы, сипаттамасы және зерттелуі» тақырыбында кеңінен баяндама жасады.

 Сондай-ақ Алматы қаласы мемлекеттік архивінің  архив мамандары Рахипова Л.Қ., Құрманжанова Г.А. «Алматы қаласы мемлекеттік архивіндегі – араб графикалы қорлардың археографиялық мәселелері» тақырыбында архив қорындағы төте жазулы мұралардың жинақталуы, сақталуы жайында таныстырып өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.к Алпысбаева Н.К. еліміздің архив қорларындағы араб графикалы жазба мәдени мұралардың зерттелуі жайында пікірлерін ұсынды.

 Дөңгелек үстел модераторы, т.ғ. д., ассоц, профессор Г.С.Жүгенбаева араб графикалы мұралардың деректанулық зерттеу аспектілері мәселелерін көтерудің маңыздылығын атап өтті.

Жүгенбаева Г.С. т.ғ.д., дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының қауымдастырылған профессоры