«Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар»
2026 жылғы 5–8 қаңтар аралығында Алматы қаласында «Құқық негіздері» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Іс-шара оқушылардың құқықтық және тарихи білімге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтап, қолдауға бағытталды.
Олимпиаданың қазылар алқасының құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы болды: заң ғылымдарының докторы, профессор С. Тыныбеков, заң ғылымдарының кандидаты С. Ермухаметова, Р.Ережепқызы, тарих ғылымдарының кандидаты Л. Хасанаева.
Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың білім деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын бағалады. Олимпиада ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, академиялық адалдық талаптары сақтала отырып өткізілді.
Аталған олимпиаданың өткізілуі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда, жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған 16-мақсат – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» қағидаттарына сәйкес келеді.
Басқа жаңалықтар