«Климаттың өзгеруімен күрес» ашық сабағыFarabi University

«Климаттың өзгеруімен күрес» ашық сабағы

22 желтоқсан, 2025

ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Мате­ма­тика­лық және компьютерлік модельдеу кафедрасының педагогикалық тә­жірибесі аясында Тұрақты даму мақ­сат­тарының 13-ші тармағы – «Климаттың өзгеруімен күрес» ба­ғытында ашық сабақ ұйым­дас­ты­рылды. Сабақты «Қол­дан­балы және есептеу математикасы» ма­ман­дығының 1-курс магистранты Ақтолқын Ақылбекқызы ПМ-23-1 то­бы­ның студенттеріне арнап жүргізді.

Іс-шараға психология пәні­нің оқытушысы Сараш Қоңыр­баева, сон­дай-ақ кафедраның өкілі ре­тін­де мен қатыстым.

Ашық сабақ барысында ма­гис­трант студенттерді кли­мат­тық мо­дель­дердің ғылыми ма­ңыз­­дылығы, олардың эко­­ло­­гиялық процестерді тал­­дау­дағы және климаттың өзге­руін бол­жауда қолданылатын тәсіл­де­рімен таныстырды. Түрлі мо­дель­­­дер – ауа ластануының та­­ралу мо­­­де­лінен бастап, теңіз деңгейінің кө­терілуі мен орман өртіне кли­мат­тың әсерін си­паттайтын мо­дель­дер­ге дейін нақ­ты мысалдар ар­қы­лы бе­ріл­ді.

Сабақтың практикалық бө­лімі ин­терактивті форматта өт­ті: сту­дент­тер модельдер бо­йын­ша бе­ріл­ген тап­сыр­ма­лар­ды топпен тал­дап, өз ше­шімдерін қорғады. Бұл олар­дың ғылыми ойлау қабілетін, тал­дау және дәлелдеу дағ­ды­ларын, сондай-ақ топтық жұ­мыс мәде­ние­тін дамытуға ық­пал етті.

Айта кету қажет, бұл ашық сабақ факультеттің 3-курс ба­ка­лавриат студенттерінің ма­ман­­дыққа бағыт­тал­ған негізгі теориялық курс­та­ры­мен тік­е­лей байланысты. Атап айт­қан­да студенттер осы кезеңде: диф­ференциалдық теңдеулер; ма­те­матикалық физика тең­деу­ле­рі; есептеу мате­ма­тик­а­сы; сан­­дық әдіс­тер; модельдеу және симу­ля­ция негіздері сияқ­­ты пәндер ая­сын­да та­би­ғи, кли­маттық және эко­ло­гия­лық про­цес­терді сипат­тай­тын нақ­ты ма­тематикалық мо­дель­дер мен тең­деулерді шешуді оқып жа­тыр.

Ашық сабақ барысында сту­­денттер өздері теорияда мең­геріп жатқан тепе-теңдік мо­дельдері, диффузиялық про­­цестер, реакция-та­сы­мал­дау теңдеулері, жылу ал­масу мо­дельдері сияқты тақы­рып­тарды практикалық мы­сал­дар­мен бай­ланыстырып, кли­­мат­тық мо­дельдермен жұмыс іс­­теудің маңы­зын еркін түрде талқылады.

Магистрант жүргізген са­бақ кли­маттық өзгерістерді зерт­­теу­де қол­дан­балы және есеп­теу мате­ма­ти­ка­сының рө­лін ай­қындап, сту­­дент­­тердің ғы­лы­ми-зерттеу дағ­ды­ларын да­мы­туға мүмкіндік берді. Со­нымен қатар бұл іс-шара сту­денттерді экологиялық жауап­кер­шілікке, тұрақты даму мә­­се­лелерін сандық модель­деу ар­қылы талдай білуге және шешім қабылдау про­це­сіне қатысуға ын­та­ландырды.

 Лида САҒЫМБАЕВА,

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары