Алғаш рет Биология және биотехнология факультетінің 10 оқытушысы «2025 жылдың Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпазы атандыFarabi University

Алғаш рет Биология және биотехнология факультетінің 10 оқытушысы «2025 жылдың Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды

1 қаңтар, 2026

Биология және биотехнология факультетінің 10 оқытушысы «Үздік ЖОО оқытушысы – 2025» байқауының жеңімпазы атанды, бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де осы атаққа биыл ие болған 38 оқытушының төрттен бірін (26%-ын) құрады. Осылайша, оқытушылар құрамының байқаудан өту пайызы 100% құрады, бұл факультет үшін байқау өткізіліп келе жатқан барлық жылдардағы рекордтық көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы байқауда қазақстандық 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы үздік деп танылды. Байқау 2000 АЕК көлемінде сыйақыны қамтиды. «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырудан басқа төсбелгімен марапатталатын болады.

Байқау мұғалім мамандығының беделін арттыру және олардың әрі қарай кәсіби өсуіне ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Байқауда электрондық білім беру ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және басып шығару, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабыстарға патенттердің болуы және т.б сияқты көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ талапкердің оқыту сапасы мен оның бакалавриат, магистратура және докторантурада оқытуға қосқан үлесі бағаланды.

Барлық марапат иегерлерін жоғары жетістікпен құттықтаймыз және еңбектеріне табыс тілейміз!