- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттерге арналған дөңгелек үстел мен экскурсия өтті (ТДМ 4 және ТДМ 9)
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттерге арналған дөңгелек үстел мен экскурсия өтті (ТДМ 4 және ТДМ 9)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттерге арналған дөңгелек үстел және таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара халықаралық академиялық өзара іс-қимылды дамытуға және білім алушыларды университеттің ғылыми-білім беру ортасына интеграциялауға бағытталды.
Дөңгелек үстел аясында ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, доцент Пешая С.Л. факультеттің қызметі туралы баяндама жасап, оның білім беру бағдарламаларын, ғылыми бағыттарын, инфрақұрылымын және қазіргі заманғы инженерлік-физикалық білім беру тәсілдерін таныстырды.
Іс-шараға Түрікменстан, Қытай, Бангладеш, Судан, Нигерия және Ауғанстан елдерінен келген 1-курс студенттері қатысты. Олар факультеттің ғылыми-білім беру қызметімен, жоғары білім берудің заманауи мақсаттары мен әдістерімен танысты. Кездесу барысында физика-техникалық факультеттің Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру саласының жетекші факультеттерінің бірі екені атап өтілді.
Экскурсиялық бағдарлама аясында шетелдік студенттер Ұлттық ашық нанотехнологиялар зертханасына, сондай-ақ SAMSUNG және HUAWEI мамандандырылған зертханаларына барып, заманауи ғылыми жабдықтармен, қолданбалы зерттеулермен және инновациялық әзірлемелермен танысты.
Іс-шара нәтижесінде іске асырылған Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)
- ТДМ 4 – Сапалы білім
Шетелдік студенттердің факультеттің ғылыми-білім беру мүмкіндіктері мен заманауи білім беру тәжірибелері туралы ақпаратқа тең қолжетімділігі қамтамасыз етілді. - ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
Факультет пен университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық инфрақұрылымы (ҰАНЗ, SAMSUNG және HUAWEI зертханалары) таныстырылды. - Іс-шараны ұйымдастырушы: әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Абдраманова Г.Б.
Басқа жаңалықтар