Академик күрделі есептерді шығаруда ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланудаFarabi University

Академик күрделі есептерді шығаруда ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдалануда

13 қаңтар, 2026

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдалануда.

Ғалымның айтуынша, бұрын бірнеше апта уақытты қажет ететін есептерді ҚазҰУ-дың жоғары өнімді суперкомпьютері үш сағаттың ішінде есептеп берген. «Менің өзімде қуатты, сегіз процессордан тұратын жеке компьютерім бар. Алгебралық есептерімді соның көмегімен есептеп жүретінмін. Алайда ҚазҰУ суперкомпьютері апталап шығаратын есептерді үш сағаттың ішінде есептеп берді. Сондықтан бұл орасан зор күш», – деді академик Асқар Жұмаділдаев.

Академикке Суперкомпьютер орталығының мамандары есептеуге арналған серверлерді бөліп берген.

Қазіргі таңда Асқар Серқұлұлы жоғары технологиялық құрылғының көмегімен басқа да күрделі есептерді есептеу бағытында жұмыс істеуде.

Айта кетейік, ҚазҰУ суперкомпьютерінің өнімділігі – 2000 терафлопс. Әлемдегі үздік 600 суперкомпьютердің бірі. Архитектурасы Intel және NVIDIA компанияларының процессорларынан құралған, қуаты ең заманауи дербес компьютерден 10 мың есе артық.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі