«Заманауи география және ГАЖ: тұрақты даму жолында»Farabi University

«Заманауи география және ГАЖ: тұрақты даму жолында»

8 қаңтар, 2026

6–8 қаңтар күндері Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында География институтымен бірлесіп, университет кампусынан тыс жерде мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ география мен ГАЖ саласына қызығушылық танытқан тұлғаларға арналған тегін білім беру курстары әзірленіп, ұйымдастырылды.

Курстардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қатысушылардың тұрақты даму, география және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласындағы білімдерін кеңейту, сондай-ақ кеңістіктік талдаудың заманауи цифрлық құралдарын кеңінен насихаттау болды.

Бағдарлама аясында қатысушылар ТДМ-ның негізгі бағыттарымен, географияны оқытудың заманауи әдістемелерімен, ГАЖ-технологиялардың негіздерімен және олардың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және аумақтық зерттеулердегі қолданылуымен танысты. Сонымен қатар, аймақтық деңгейде тұрақты даму міндеттерін шешуде ГАЖ қолданудың практикалық мысалдары ұсынылды.

Аталған курстарды жүзеге асыру География институты мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, география және ГАЖ саласына деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ тұрақты даму бағытында сапалы және тегін білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті.