Сертификатталған онлайн курстың екінші күні – белсенді ғылыми талқылауда!
Курс аясында конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы жетекші ғалымдардың қатысуымен мазмұнды білім беру бағдарламасы жалғасуда.
Екінші күннің спикерлері:
заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.С. және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Турсынкулова Д.А.
Баяндама тақырыбы:
«Қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениет, құқықтық сана және құқықтық идеология: теория және практика.
Жоғары оқу орындары мен мектептерде құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері.
11-сыныпқа арналған “Құқық негіздері” жаңа оқулығының ерекшеліктері.
“Заң және тәртіп” мемлекеттік стратегиясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы
“Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауы.
Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама
(2025 жылғы 1 сәуірде қабылданған).»
Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Мынбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы онлайн-дәрістер циклін ұсынды:
– «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекеттің дамуы»
– «Зайырлы мемлекет: теория, практика, ұлттық және шетелдік тәжірибе»
– «Қазақстан Республикасында зайырлы мемлекетті қалыптастыру мәселелері»
Еске саламыз, 2026 жылғы 12–23 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы сертификатталған онлайн-курс өткізуде:
«2027 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік заңнамасының даму мәселелері мен перспективалары»
Тыңдаушылар қатарында Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері бар.
Дәрістер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Оқу қорытындысы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде сертификат беріледі.
Спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысулары және мазмұнды пікірталастары үшін алғыс білдіреміз!
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы