- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туған күні: Биология және биотехнология факультетіндегі мерекелік іс-шара
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туған күні: Биология және биотехнология факультетіндегі мерекелік іс-шара
2026 жылғы 15 қаңтарда, біз университетіміз — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туған күнін атап өттік. Университет басшылығының тапсырмасына сәйкес, әрбір факультет осы айтулы күнге арналған мерекелік іс-шаралар өткізді.
Биология және биотехнология факультетінде (БАЗ-3) профессор-оқытушылар құрамының барлық мүшелері жиналды. Кездесу барысында университетіміздің негізгі жетістіктері көрсетіліп, факультеттің табыстары жан-жақты таныстырылды. Бұл туралы факультет деканы Меруерт Сәкенқызы Құрманбаева баяндап, факультеттің ғылыми, білім беру және тәрбие жұмыстары бағытындағы маңызды нәтижелерін атап өтті.

Жылы әрі салтанатты атмосферада профессор-оқытушылар құрамының барлық қызметкерлеріне құттықтау сөздер айтылып, жаңа оқу және күнтізбелік жылда табыс, жаңа жетістіктер мен жемісті еңбек тілектері білдірілді.
Іс-шара соңында кампус-тур ұйымдастырылып, оның аясында ғалымдарымыз бен қызметкерлеріміз университеттің заманауи нысандарын — суперкомпьютерлік орталықты, робототехника зертханаларын және ректорымыз Жансейіт Кәнсейітұлы Түймебаевтың бастамасымен әрі қолдауымен құрылған инновациялық хабты тамашалады.

Университетімізді мақтан тұтамыз және болашаққа нық сеніммен қараймыз!
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар