Доцент Сауле Есенгазиева Қытайда өткен «Green Silk Road» халықаралық симпозиумында баяндама жасадыFarabi University

Доцент Сауле Есенгазиева Қытайда өткен «Green Silk Road» халықаралық симпозиумында баяндама жасады

19 қаңтар, 2026

2026 жылғы қаңтар айында әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғарымектебінің «Экономика» кафедрасы меңгерушісінің ғылымижұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегіорынбасары, э.ғ.к., доцент Есенгазиева Сауле Копешевна 11–14 қаңтар аралығында ҚХР Шэньси провинциясының Янлинқаласындағы Northwest A&F University базасында өткен«Green Silk Road, Mutual Learning Among Civilizations» халықаралық симпозиумына қатысты.

Симпозиумға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшеелдердің академиялық қауымдастығы мен сараптамалық ортаөкілдері жиналып, орнықты даму және «Жасыл Жібек жолы» тұжырымдамасы аясында өңірлік және елтанулықзерттеулердің, аграрлық ынтымақтастықтың және білімтрансферінің рөлі талқыланды. Іс-шараны Northwest A&F University, ШЫҰ Аграрлық зерттеу институты, университеттің бейіндік академиялық құрылымдары, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық қызметініңинституционалдық қолдауымен NWAFU жанындағыҚазақстандық зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Ғылыми бағдарлама шеңберінде доцент Есенгазиева С.К. Қазақстандағы шетелдік студенттердің академиялықұтқырлығын өркениеттер арасындағы өзара білім алмасу менорнықты даму қағидаттарын ілгерілетудің құралы ретіндеқарастырған баяндама ұсынды. Баяндамасында білім беруұтқырлығының экологиялық бағдарланған даму модельдерінқалыптастырудағы, сондай-ақ «Бір белдеубір жол» бастамасы кеңістігіндегі мәдениетаралық және ғылымидиалогты нығайтудағы маңызы атап өтілді.

«Жасыл Жібек жолы» тұжырымдамасын іске асыружағдайында Қазақстанның халықаралық білім беру жәнеғылыми кеңістікке жүйелі түрде интеграцияланып, жасылтехнологиялар, жаңартылатын энергия көздері және табиғиресурстарды ұтымды пайдалану салаларындағыынтымақтастықты дамытып келе жатқаны көрсетілді. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын одан әрі кеңейтуелдің өңірлік орнықты даму жүйесіндегі позициясынкүшейтудің маңызды факторы ретінде қарастырылады.

Доцент Есенгазиева С.К. симпозиум жұмысына қатысуықазақстандық-қытайлық академиялық өзара іс-қимылдынығайтуға ықпал етіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ менNorthwest A&F University арасындағы бірлескен зерттеулер, білім алмасулар және ШЫҰ аясындағы жобалар бойыншажаңа ынтымақтастық бағыттарын айқындады.

Симпозиумның модераторы Northwest A&F University профессоры Wei Feng болды, іс-шара жоғарыұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Өткізілген симпозиум өркениеттер арасындағы өзара білімалмасу тұжырымдамасының заманауи жаһандық сын-қатерлерге жауап берудің және орнықты дамудың инклюзивтімоделін ілгерілетудің маңызды әдіснамалық негізі екенін тағыбір мәрте растады.