Институционалдық реформалар: сапа, білім және адами капиталға ставкаFarabi University

Институционалдық реформалар: сапа, білім және адами капиталға ставка

19 қаңтар, 2026

2026 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Turkistan» газетіне кең көлемді сұхбат беріп, онда 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, елдің одан әрі дамуының негізгі бағдарлары айқындалды. Осы оқиғаға байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі Алиева Бағлан Мұратқызынан — э.ғ.к., «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысынан «Институционалдық реформалар: сапалы өзгерістердің басымдығы» тақырыбында сұхбат алды.

Алиева Б.М. жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде Мемлекет басшысы адам капиталына, білім мен ғылымға тұрақты әрі бәсекеге қабілетті мемлекеттің іргетасы ретінде айрықша мән беретінін атап өтті.

Аталған сұхбат ТДМ 4 — Сапалы білім беру, ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, ТДМ 11 — Тұрақты қалалар мен елді мекендер, ТДМ 12 — Жауапты тұтыну, ТДМ 16 — Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар аясында өткізілді.