II Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті
Фараби Форумы аясында Шығыстану факультетінде «Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер» атты II Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан мен Иранның ЖОО ғалымдары, оқытушы-профессор құрамы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.
Конференцияның екінші күнгі секциялық жұмыстары барысында қарастырылған мәселелер:
- Иран мен Тұран арасындағы тарихи байланыстар;
- Қос өркениетке ортақ тарихи және рухани мұралар;
- Қазақ және парсы әдебиетіндегі байланыстар;
- Қазақстан мен Иран арасындағы саяси-экономикалық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі.
Пленарлық отырыста конференцияның негізгі тақырыбы бойынша 6 баяндама, секциялық отырыстарда 20 баяндама тыңдалды.
Конференцияның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Иран Ислам Республикасының Елшілігінің Алматы қаласындағы Мәдени өкілдігі мен Шаһид Бехешти университеті (Иран).
Шығыстану факультеті, Қарасай батыр көш., 95А, +7(727)243-83-42