Ел дамуының негізгі бағыттары және қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері
20 қаңтар күні Қызылорда қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар және азаматтық қоғам мүшелері қатысуда. Елдің барлық өңірлерінен құрылтайдың 110 мүшесі келді. Таңертеңнен бастап сарапшылар салалық секцияларда жұмыс істеуде: басты назарда — білім беру, ғылым және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері.
Жалпы, Ұлттық құрылтай аясында Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысында ауқымды жұмыс атқарылды. Білім беру және ғылым саласында нақты шешімдер қабылданды: шәкіртақылар мен оқытушылардың жалақылары көтерілді, сараланған гранттар мен «Келешек» жүйесі енгізілді. Жасанды интеллект бойынша жоғары оқу орындары арасындағы стандарт қабылданды, ондаған жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды, ғылымды қаржыландыру көлемі ұлғайтылып, ғылыми ұйымдарды тікелей қаржыландыру енгізілді. Білім мен ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. Негізгі басымдық оқу процесіне жасанды интеллектті кеңінен енгізуге берілді.
Ұлттық құрылтай елдегі демократияның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Отырыста Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының алдағы бағыттарына қатысты негізгі мәселелер жан-жақты талқыланды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай қызметі мемлекеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етіп келе жатқанын атап өтті.
Ережепова А.А.
Экономика кафедрасының ассистент профессоры
Басқа жаңалықтар