ТДМ-14: ҚазҰУ-да кураторларға арналған «Студенттердің өміршеңдігін дамыту» Қысқы мектебі ұйымдастырылдыFarabi University

ТДМ-14: ҚазҰУ-да кураторларға арналған «Студенттердің өміршеңдігін дамыту» Қысқы мектебі ұйымдастырылды

15 қаңтар, 2026

2026 жылы 15 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әлеуметтік тәрбие департаменті мен Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастырумен «Студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және өміршеңділікті дамыту» тақырыбында кураторлардың Қысқы мектебі ұйымдастырылды. Іс-шара тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарлары, академиялық топ кураторлары, оқытушылар және университеттің психологтарымен  қатысуымен өтті.

Қысқы мектеп барысында студенттердің өміршеңдігін арттыру, стресске төтеп беру дағдылары мен копинг-стратегияларын дамытуға арналған практикалық мастер-класстар өткізілді.

Бағдарлама барысында Қалымбетова Эльмира Кеңесқызы, Құдайбергенова Сандуғаш Қансарқызы, Садвакасова Зухра Маратқызы кураторларға студенттердің стресс пен дағдарыстық жағдайлардан шығуына, бастапқы психологиялық қолдау алу және дұрыс әрекет ету алгоритмдерімен бөлісті.

Аталған бағдарлама аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу және жағымсыз эмоциялық жағдайларды зерттеу саласында жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу мен гранттық жобалардың нәтижелері негізінде әзірленді.