Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінде бірлескен жиналыс өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінде бірлескен жиналыс өтті

21 қаңтар, 2026

2026 жыл, 21 қаңтарда Биология және биотехнология факультетінде деканат отырысы өтті. Отырыс барысында жаңадан сайланған, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары ретінде аға оқытушы Даулетбаева Сания Болатовна, сондай-ақ Биотехнология кафедрасы меңгерушісі қызметіне доцент Сарсекеева Фариза Құдайбергеновнаның тағайындалғаны атап өтілді.

Жиналысқа факультет деканы, профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна, ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, доцент м.а. Датхабаева Гаухар Кубеновна, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, доцент м.а. Құсманғазинов Әділ Болатұлы, сондай-ақ кафедра меңгерушілері: профессор Ахтаева Нурсулу Зияхановна, профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна, доцент Жунусбаева Жазира Кабуловна, PhD докторы Кегенова Гүлнар Болатқызы қатысты.

Аталған іс-шара факультеттің стратегиялық даму басымдықтарын нақтылау және халықаралық рейтингтердегі позицияны нығайтуға бағытталған міндеттерді үйлестіру мақсатында өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес, QS және Times Higher Education (THE) халықаралық рейтингтері аясындағы көрсеткіштерді жақсарту тетіктері талқыланды. Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, академиялық және ғылыми өнімділікті күшейту, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты кеңейту, сондай-ақ факультет қызметін жүйелі түрде деректермен сүйемелдеу мәселелеріне назар аударылды.

Талқыланған негізгі бағыттар:

  • білім беру бағдарламаларын жаңғырту және оқу-әдістемелік жұмыстың сапасын күшейту;

  • ғылыми жарияланымдар белсенділігін арттыру, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде ілгерілету;

  • сыртқы және ішкі бағалау көрсеткіштерін тұрақты мониторингтеу (QS, THE индикаторлары);

  • факультетішілік ақпарат алмасуды жетілдіру, ресми сайттағы мазмұнды жүйелеу және жаңарту;

  • кафедралар мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.

Сонымен қатар күн тәртібінде жауапты бағыттар бойынша лауазымдық функцияларды нақтылау мәселелері пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын іске асыру бағыттары айқындалды.