Мектеп оқушыларымен кәсіби-бағдар беру бағытында кездесу
Мектеп оқушыларымен кәсіби-бағдар беру бағытында кездесу
ТДМ 4: Сапалы білім
2026 жылғы 15 қаңтарда Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары – кафедра меңгерушісінің оқу ісі және тәрбие жөніндегі оынбасары, тарих ғылымдарының андидаты, ассистен-профессор Е.Н. Ноянов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасыны ассистент-профессоры Т.Ә. Нұрпейіс, PhD, доцент м.а. А.О. Кошымова, аға оқытушы Г.И. Менситова, аға оқытушы Бижанова М.Т. – КИЗ Алмалыбақ ауылында орналасқан КММ «Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясыда» мектеп оқушылары мен педагогиклық ұжыммен кәсіби-бағдар беру бағытында кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдау, жоғары оқу орнына түсу ерекшеліктері, ҰБТ-ға дайындық, қазіргі қоғамдағы өзекті үдерістер, сондай-ақ білім алу көкжиегін кеңейту мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Мектеп бітіруші түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алып, кәсіби бағдар тұрғысынан қажетті мәліметтерге қанықты.
Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы, шығармашылық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері ұсыныды. Тарих факультеті жанынан құрылған «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеу» республикалық ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан ұйымдастырылып жатқан «Қысқы мектеп» бағдарламасы да педагогтер тарапынан қызығушылық тудырып, кәсіби біліктілікті арттыру мүмкіндігі ретінде оң бағаланды. Алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жүргізу мәселесі талқыланды.
Осындай кәсіби-бағдар беру кездесулерінің маңыздылығын ескере отырып, болашақта білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасын табады деген сенім білдіреді.



Басқа жаңалықтар