- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының меңгерушісі халықаралык академиялық іссапармен Қытайда болды
Қытайтану кафедрасының меңгерушісі халықаралык академиялық іссапармен Қытайда болды
Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы Шэньси ғылым және технология университетінің Дизайн және өнер институтының шақыруымен 2026 жылдың 5 қаңтары мен 16 қаңтары аралығында халықаралық жоба аясында Қытай Халық Республикасында екі апталық академиялық іссапарда болды.
Академиялық іссапар барысында Фарида Оразақынқызы «Дәстүрлі қазақ мәдениетінің цифрлық медиа коммуникациясы» тақырыбында баяндама жасап, жоғары деңгейдегі ғылыми-академиялық іс-шаралар сериясын өткізді.
Сонымен қатар іссапар аясында Шэньси ғылым және технология университетінің Цифрлық медиа зертханасында, Шэньси провинциясының материалдық емес мәдени мұраны қорғау орталығында, сондай-ақ бірқатар жергілікті мәдени және технологиялық кәсіпорындарда болып, Қытайдың материалдық емес мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, қорғау және насихаттау саласындағы озық тәжірибесімен танысты.
Аталған академиялық іссапар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ дәстүрлі мәдени мұраны цифрлық медиа арқылы зерттеу және дамыту бағытындағы тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.
.jpeg)
.jpeg)
Басқа жаңалықтар