- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінің оқытушысы Үндістан Республикасының Алматыдағы Өкілдігі басшысынан алғыс хат алды
Шығыстану факультетінің оқытушысы Үндістан Республикасының Алматыдағы Өкілдігі басшысынан алғыс хат алды
26 қаңтарда Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі мен Алматыдағы Үндістан республикасының ресми Өкілдігі және Алматыдағы үнді диаспорасы Үндістанның 77-ші Республика күнін атап өтті. Бұл мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған дәстүрлі жиында Өкілдіктің басшысы Свапнил Котаваде мырза Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы Исмагулова Сымбатқа «Алғыс хат» табыстады. Алғыс хатта «Сіздің кәсібі маман ретіндегі қызметіңіз бен көмегіңіз үшін алғыс айтамыз. Жанашырлығыңыз бен ынтымақтастық рухыңызды Үндістан мен Қазақстан халықтары арасындағы достық байланыстарының нығая түсуіне қосқан үлесіңіз деп бағалаймыз. Үндістан Елшілігі осындай білікті мамандар дайындап отырған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетіне шынайы алғысын білдіреді және алдағы уақытта бағалы серіктес болып қала беретіндеріңізге үміттенеді» делінген.
Тілін оқытатын шығыс елдерімен серіктестік аясында ынтымақтастық жасау, әсіресе бизнес, құқық қорғау, туризм және т.б. салаларда аударма жасап, біліктіліктерін арттыру шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері үшін өте пайдалы тәжірибе бола бермек.

Басқа жаңалықтар