Тұрақты даму мақсаттары аясындағы демалыс күнгі тау жорығыFarabi University
Референдум 15 марта

Тұрақты даму мақсаттары аясындағы демалыс күнгі тау жорығы

26 қаңтар, 2026

25 қаңтар күні Рекреациялық география және туризм кафедрасы Іле Алатауының танымал, экотуристік бағыттарының бірі – Көкжайлауға, Алматы қаласының жастары мен егде жастағы тұрғындарына арналған демалыс күнгі тау жорығын ұйымдастырды.

Аталған шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-ші («Салауатты өмір салты және әл-ауқат») және 11-ші («Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар») мақсаттары аясында өткізілді.

Тау жорығы қатысушылардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ табиғатпен үйлесімді демалыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Шара барысында қауіпсіздік ережелері сақталып, қатысушыларға рекреациялық туризмнің маңызы мен экологиялық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Осындай іс-шаралар арқылы кафедра қоғамның түрлі жас топтары арасында тұрақты даму құндылықтарын ілгерілетіп, туризмнің әлеуметтік маңызын арттыруды көздейді.