Цзяотун университетінің қонақтары ҚазҰУ музейіне келді.
Халықаралық байланыстарды дамыту аясында біздің университетке Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Цзяотун университетінің делегациясы келді. Сапар барысында қонақтар университеттің білім беру ортасымен және инфрақұрылымымен танысып, сондай-ақ ҚазҰУ музейінде, университеттің қалыптасу және даму тарихына арналған экспозициялар мен танысты. Музей қызметкерлері ҚазҰУ-дың ашылу кезеңдері, негізгі жетістіктері және академиялық дәстүрлерді қалыптастырудағы рөлі туралы баяндады. Цзяотун университетінің өкілдері экскурсияны үлкен қызығушылықпен тыңдап, тарихи мұраны сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Бүгінгі таңда ҚазҰУ Қытай Халық Республикасының 94-тен астам университетімен ынтымақтастық орнатқан, ал университетте Қытай Халық Республикасынан келген 2000-нан астам студент білім алуда. Мұндай сапарлар халықаралық әріптестікті нығайтып, академиялық диалогтың дамуына ықпал етеді.



Басқа жаңалықтар