БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКFarabi University

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

27 қаңтар, 2026

2026 жылғы 26 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Анкара Хаджы Байрам Вели университеті өкілдері арасында Orhun, ERASMUS және Ұтқырлық бағдарламалары аясында магистранттар мен докторанттарды, профессор-оқытушылар құрамын тағылымдама және тәжірибе алмасу ережелерімен таныстыру мақсатымен онлайн кездесу өтті.

Кездесу Тұрақты даму мақсаттарының 17 қағидасы  – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, білімге тең қол жеткізу және білім беру саласында серіктестікті арттыру тұрғысынан ұйымдастырылды.

Онлайн кездесуге университетіміздің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Әбдіман Жания Өмірханқызы, Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі бас үйлестірушісі, «Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Г.Қ.Ерджиласун, Шығыстану факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.С.Қайранбаев, «Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы» кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. А. Халел қатысты. 

Сонымен қатар кездесуде Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасынан ҚазҰУ өкілі ретінде, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қырқымбекова Алтынай Тастанбекқызы магистранттар мен докторанттарға арналған тәжірибе алмасу, ғылыми ынтымақтастық пен білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту бағытындағы маңызды ережелерді түсіндірді.

Бұл онлайн кездесу екі университеттің арасындағы білім беру мен ғылыми зерттеу саласындағы серіктестікті нығайтуға, тәжірибелік бағдарламаларды кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық білім алмасу арқылы білімге тең қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам болып саналады. Кездесу қатысушыларға тәжірибе алмасу, жаңа ғылыми жобаларға қатысу және халықаралық бағдарламалар арқылы өз білімін жетілдіру мүмкіндігін ашты.

Нәтижесінде бұл ынтымақтастық екі университеттің тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы серіктестігінің жаңа деңгейін көрсетіп, халықаралық білім мен ғылыми тәжірибені дамытуға үлес қосатынына сенім бар.

 

Қырқымбекова Алтынай Тастанбекқызы
«Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы» кафедрасы

меңгерушісінің  ғылыми-инновациялық жұмыс

және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары