«Жошы монеталары» тақырыбында ғылыми-танымдық дәріс өтті
2026 жылғы 27 қаңтарда Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс докторанты Ершат Ардақтың ұйымдастыруымен «Жошы монеталары» тақырыбында ғылыми-танымдық дәріс өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.
Дәрістің негізгі мақсаты – Жошы ұлысы дәуіріндегі тарихи-экономикалық үдерістерді нумизматикалық деректер негізінде таныстыру, сондай-ақ Алтын Орда кезеңінің мемлекеттілік тарихындағы орнын айқындау.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорында сақталған Жошы әулетіне тиесілі түпнұсқа монеталар таныстырылды. Монеталардың соғылған уақыты, жазулары, символикасы мен тарихи маңызы жөнінде жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар монеталардағы билік белгілері мен діни ұғымдар сол дәуірдің саяси және мәдени ерекшеліктерін айқындайтын маңызды тарихи дереккөз ретінде қарастырылды.
Іс-шара аясында студенттер арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың тарихи санасы мен ұлттық мұраға деген қызығушылығы артты. Аталған дәріс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Жолдауында атап өтілген ұлттық мәдени мұраны сақтау және оны өскелең ұрпаққа таныту жолындағы ортақ міндеттермен үндеседі.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар